The Spirit of Tengri сахнасында "Хуун-Хуур-Ту" мен Marga Muzika топтарының біріккен жобасы пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Литвалық Marga Muzika тобы The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінде ЮНЕСКО қорғауындағы әндерді орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. Фестивальдің онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Литвалық Marga Muzika тобы The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінде ЮНЕСКО қорғауындағы әндерді орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында open-air форматында өтіп жатыр, кіру тегін. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM ұлттық радиостанциясы. Фестивальдің онлайн-трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Топ қонақтарға тосынсый жасап, сахнаға тываның "Хуун-Хуур-Ту" тобының мүшесін шақырып, бірге ән орындады. Marga Muzika тобының репертуарында әртүрлі әндер бар және литван, латыш, белорус, поляк, тыва және көптеген басқа тілдерде де орындалады. Литвалық команда 10 тректен тұратын жаңа бағдарламасын орындады. Онда музыканттар халық аспаптары мен заманауи аспаптарда қатар ойнайды.

Топ фестивальге Алматыдағы Литвандар қауымдастығының және StudioDA дизайн және сәулет студиясының қолдауымен келген. Marga Muzika ұжымы 2009 жылы құрылған. Солисі - Лаурита Пеленьюте. Топ құрамына жоғары санаттағы бірнеше музыкант кірген, олар Литвада рок- және джаз-жобалары арқылы танымал. Бұл топтың музыкалық өрісін кеңейтуге сеп болған.  

Marga Muzika мүшелері бүгінгі заманда фольклор мұрасын сақтап қалу қажет деген пікірде. "Marga" сөзі қазақ тілінде "түрлі-түсті" деген мағынаны білдіреді, ал хинди тілінде "жол" деген мағына. Marga Muzika тобының дискографиясында 2013 жылы шыққан бір ғана әнжинақ бар. 

Айта кетейік, Marga Muzika Литваның атынан фестивальге тұңғыш рет келіп отыр. Осыған дейін Балтық теңізі жағалауы елдерінен The Spirit of Tengri фестиваліне Эстониядан TRAD.ATTACK! тобы келген еді.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro