20 мамыр 2017 | 20:28

The Spirit of Tengri сахнасында көне орыс тіліндегі әндер башқұрттың рок әнімен бірікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталды. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр, кіру тегін. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Онлайн-трансляцияны мына жерден көре аласыздар.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталды. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр, кіру тегін. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Жобаны Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Онлайн-трансляцияны мына жерден көре аласыздар.

"Барабаны Алматы", Тываның "Хуун-Хуур-Ту" тобы мен Литваның Marga Muzikа тобынан кейін сахнаға алматылықтарға танымал болып қалған қазақстандық "Тиграхауд" тобы шықты. Музыканттар этникалық аспаптармен ән орындап, көмеймен ән айтты.

"Тиграхауд" тобының музыканттарының айтуынша, биыл олар бұл фестивальге үшінші рет қатысып жатыр. "Біз фестивальге осымен үшінші рет қатысып жатырмыз, әдеттегідей эмоцияға толымыз. Расында да бұл мереке, сіздердің еліңізде осындай фестиваль ұйымдастырғандарға алғыс айтамыз, - дейді музыканттар. -Қазақстанда осындай фестивальдердің көбірек өткізілгенін қалаймыз, себебі этникалық музыкаларға осындай іс-шаралар қажет".

Сонымен қатар, биыл фестивальге қазақстандық диджейлер - Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff және Roman Bazhanov қатысып жатыр.

Ал кейінірек сахнаға "Катя Ямщикова" фолк-жобасының музыканттары шықты. Жобаның көшбасшысы Екатерина Ямщикова фестивальге үшінші рет қатысып жатыр екен. Ол 2015 жылы "Арғымак" этникалық тобымен арнайы қонақ болып келді, былтыр ол өзінің ұжымы - "Катя Ямщикова" фольк-жобасымен өнер көрсетті. Ал биыл ұжымның репертуарындағы әндер көбейген, жаңа альбомға үш ән жазылып, біреуіне бейнебаян түсірілген.


Қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын.

Айта кетейік, биыл Қазақстан атынан "Тиграхауд" және "Алдаспан" этникалық рок-тобы, диджейлер: Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, сондай-ақ, "Барабаны Алматы" жобасы шығады. Сонымен қатар, іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен танысуға болады. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шығады. Ал орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген "Катя Ямщикова" атты фольк-жобаның қатысушылары таныстырады. Ал қалған музканттар The Spirit of Tengri сахнасында бірінші рет өнер көрсетеді. Олардың қатарында Oki Dub Ainu Band, Гвинеядан келген Sekou Kouyate, Роберт Юлдашевтың ұжымы - башқұрстандық "Курайсы" тобы, Литваның Marga Muzika тобы, Алжир мен Франциядан келген Speed Caravan, Бурятиядан Shono, сондай-ақ, Израильден келген Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы бар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети