Тимати қазақстандық әнші Наzиманы "фаворитім" деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимати қазақстандық әнші Наzиманы "фаворитім" деп атады © Instagram.com/13nazima

Тимати Назиманы "Песни на ТНТ" жобасындағы фавориті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимати Назиманы "Песни на ТНТ" жобасындағы фавориті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Жобаның басынан бастап фавориттерім болмаған еді, бірақ финалға қарай менің таңдауым мен қолдауым айқындала бастады - командадағы жалғыз қыз", деп жазды Тимати Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, қазақстандық әнші Наzима (Нәзима Жәнібекова) "Песни на ТНТ" шоуының финалына өтті. Шоу барысында ол Тиматимен дуэт айтты.

Еске сала кетейік, мамырдың басында Наzима шоуда Шымкент жайлы ән айтты. Оның өнер көрсеткені түсірілген видео 2,4 миллион қаралым жинап, видеоға екі мыңнан аса пікір қалдырылған. Бұған дейін әнші "Падай со мной", сонымен қатар, Jah Khalib әні "Мамаситаны" орындады. 20 мамырда қазақстандық әнші "Бабл Гам" әнін орындап, жұртты таңғалдырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети