Тимати қазақстандық әнші қыздың ТНТ-да өнер көрсеткені түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимати қазақстандық әнші қыздың ТНТ-да өнер көрсеткені түсірілген видеоны жариялады © Instagram.com/pesninatnt

Тимати музыкалық "Песни на ТНТ" шоуындағы қазақстандық өнерпаз Нәзима Жәнібекованың өнер көрсеткен сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимати музыкалық "Песни на ТНТ" шоуындағы қазақстандық өнерпаз Нәзима Жәнібекованың өнер көрсеткен сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жас әнші "Падай со мной" композициясын орындады. Бұған дейін ол осы музыкалық шоуда Jah Khalib-тің "Мамасита" әнін орындаған болатын.

 

Нәзима 2011 жылы "Фабрика звезд" шоуының қазақша нұсқасы "Жұлдыздар фабрикасына" қатысқан. Қыз жобадағы ең мықтылардың бірі болды. Ақыры ол шоудың финалына шықты. Алайда жеңген жоқ, бірақ одан әрі жылжуға бел байлады.

© Instagram.com/pesninatnt

Нәзима Жәнібекова 2014 жылы ALTYNGIRLS гелз-бендінің қатысушысы болды. Кейін қыздар топтың YouTube желісіндегі ресми каналында "#ХочуСтатьЗвездой" дебюттік видеосын таныстырды.

Қыздың анкетасында айтылғандай, Нәзима 2017 жылы "Песни" музыкалық жобасы туралы естіп, бірден анкетасын толтырған және кастингке шақырту күткен. Ұйымдастырушылардан жауап алған ол Мәскеуге аттанды.

Қазақстандық өнерпаз қыздың өнер көрсетуі "Песни" бағдарламасының эфиріне шықты, ол Jah Khalib-тің атақты "Мамасита" композициясын орындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети