05 наурыз 2014 18:16

Тілендиев атындағы оркестр көктем музыкасын ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі "Келеді құс қайтып..." атты концертке шақырады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы қызметкерлеріне сілтеме жасап. "Отырар сазы" оркестрінің көктемдегі алғашқы концертінде музыкалық ұжымның сүйемелдеуімен солистер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері Есенгелді Рза, Дархан Жолдыбаев, Венера Алпысбаева, Күміс Базарбаева, Салтанат Жұбаныш, Салтанат Бөленовалар өнер көрсетеді. Кеште оркестрге Дінзуһра Тілендиева мен Мүсілім Әмзе дирижерлік етеді. "Концертте қазақтың әндері мен күйлері, Кенжебек Күмісбеков, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхаметжанов, Бақытжан Байқадамов шығармалары орындалады. Михаил Ипполитов-Ивановтың "Кавказ эскиздерінен" "Ауылда" бөлімін, Александр Бородиннің "Қыпшақтар биін" ойнаймыз", - дейді дирижер Мүсілім Әмзе. Көктем тақырыбына арналған музыкалық шығармалар кеші мемлекеттік филармонияның концерт залында 6 наурыз күні сағат 18.30-да басталады. Наурыз айында филармонияда ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің, Үндістанның белгілі органшысы, дирижер Зейн Далалдың концерті және әлемдік классика тақырыбына арналған басқа да кештер өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети