22 ақпан 2016 | 00:08

Төреғали Төреәлі: Аналарға ардақты деген ат жараспай бара жатқан сияқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төреғали Төреәлі © vk.com Төреғали Төреәлі © vk.com

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі елімізде соңғы уақытта белең алған тастанды сәбилер тақырыбына қатысты ойын білдірді. Өнерпаз бұл туралы "Астана" телеарнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі елімізде соңғы уақытта белең алған тастанды сәбилер тақырыбына қатысты ойын білдірді. Өнерпаз бұл туралы "Астана" телеарнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтты.

Жүргізушінің "Сіз не жайлы ойланасыз?" деген сұрағына бағдарлама қонағы бірден елдегі жан түршіктірер оқиғаларды тізді. Айтуынша, мұндай жағдайлардың дереу алдын алу керек. "Қазір барлығын естіп жатырмыз. Әжетханаға тастап кете беретін (баланы - Авт.) жағдайларды біліп жатырмыз. Соған қасқайып қарсы тұруымыз керек. Құдайдан тілеп, әулие-әмбиелерге барып, бала тапқысы келіп жүргендерді көріп, тәнті болушы едік", - дейді әнші толғанып.

Осы тақырыптарды Төреғали Төреәлі ән қылып айтуға да болады дейді. Алайда бұл әнді, оның ойынша, ешкім де тыңдамайды екен. "Тыңдайтын құлақ болса... махаббатты езіп, жырлай берудің орнына сол тақырыпты қозғап, ән айтуға болады. Бірақ тыңдар құлақ бар ма? Баласын туып, тастап кете беретін адам сол әнді тыңдай ма? Жалпы сол адамдар өзінің қазақ екенін біле ме?", - деді әнші.

Айта кетейік, елімізде биылғы қаңтар айынан бері бала тастап кету оқиғалары белең алған болатын. Жамбыл облысында екі оқиға, Маңғыстау облысында бір оқиға, Талдықорғанда, кейін Оңтүстік Қазақстан облысында кәріз құбырынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети