Халықаралық мультимәдени жоба The Spirit of Tengri оралды! Бұл жолы ұйымдастырушылар Алматы тұрғындары мен қонақтарын Қала күніне орай өтетін Ethnotronica Almaty фестивалімен қуантпақ. Қазақстандық электрон әртістермен коллабарация жасайтын әлемдік этномузыканттар эксклюзив, көркем, үш сағаттық dance-шоу ұйымдастырады. Жобаның бас серіктесі ‑ Magnum Cash & Carry. Фестиваль Қала күніне орай Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Халықаралық мультимәдени жоба The Spirit of Tengri оралды! Бұл жолы ұйымдастырушылар Алматы тұрғындары мен қонақтарын Қала күніне орай өтетін Ethnotronica Almaty фестивалімен қуантпақ. Қазақстандық электрон әртістермен коллабарация жасайтын әлемдік этномузыканттар эксклюзив, көркем, үш сағаттық dance-шоу ұйымдастырады. Жобаның бас серіктесі ‑ Magnum Cash & Carry. Фестиваль Қала күніне орай Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Технология мен музыка тоғысқан жерде пайда болатын шоу 10 қыркүйекте қаланың басты open-air-алаңы Абай даңғылындағы Республика сарайының алдында (Абай - Достық) өтеді. Кіру тегін.
"Пандемиядан кейінгі кезеңде қазақстандық электрон әртістермен коллабарация жасайтын әлемдік этномузыканттар қатысатын Ethnotronica Almaty фестивалімен оралғанымызға қуаныштымыз. Эксклюзив шоу Қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қаланың басты іс-шараларының біріне айналған The Spirit of Tengri секілді Ethnotronica Almaty да алматылықтар үшін маңызды және дәстүрлі шараға айналатынына сенеміз.
Бүгінде жастардың дәстүрлі музыкаға қызығушылығы артып келеді. Тәуелсіз Қазақстанда туған және өзін Қазақстанмен байланыстыратын жастар. Этносқа деген махаббат - Отаныңа деген махаббат, ал бұл отансүйгіштікпен барабар. Жастардың этномузыкаға деген махаббатын ояту - біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан фестиваліміздің мақсаты - жастарға дала нақышын заманауи леппен жеткізу", - дейді Alash Media Group медиахолдингінің ортақ құрылтайшысы Зәуре Қазыбаева.
Ethnotronica Almaty бас продюсері Жан Қастеевтің сөзінше, фестивальде world music жанрының көрнекті орындаушылары Радик Тюлюш (Тыва), Чылтыс Таннагашева (Таулы Шория), Жомбор Фехер (Венгрия), Abbos (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан), Simi триосы (Грузия) және қазақстандық электрон сахна әртістері: Нариман Исенов, Kokonja, Edige, Ruus және жеке орындаушылардан Лейла Қобыз (Қазақстан) және Nuketai (Қазақстан) қатысады.
"Этнотроника форматы фестивальде бастысы электрон орындаушылар болатынын көрсетеді. Ал бұған дейін The Spirit of Tengri-де өнер көрсеткен біздің этноәртістер қазіргі заманғы электрон әуеннің өзіндік инкрустациясы болады. Себебі XXI ғасырда музыка электронға айналды және ол жас буынға түсініктірек. Біз бұрыннан таныс және әріптес әртістерді шақырдық. Олар - өз ісінің маманы. Бір айдан бері дайындық жүріп жатыр. Біз де ұйымдастырушы ретінде қалай болар екен деп қызығып отырмыз. Біздің dance-шоу қала тұрғындары мен қонақтарына ұнайтыны сөзсіз", - дейді ол.
Ethnotronica Almaty музыкалық бағдарламасында XXI ғасырдағы заманауи әуен ойналып, этникалық сарын электрон әуенмен біртұтас бола түседі. Себебі заманауи музыка тілі мен технология бір-бірін толықтыра отырып, қатар жүреді. Музыкантты іздеу жаңа гаджеттер мен функционалдың пайда болуына алып келсе, ал технология музыканы жаңаша орындауға ықпал етеді.
Өнер көрсететін музыканттар үлкен форматтағы LED-дисплейде real-time арқылы және онлайн-арналардағы тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда келесі жылы көктемде болатынын айтып, уәде беріп отыр. Халықаралық мультимәдени жоба The Spirit of Tengri 2012 жылы Tengri FM ұлттық радиостанциясымен құрылған. Музыкалық шоу мақсаты - қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халқының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестиваль барысында 80-нен аса елден келген жүздеген танымал музыкант пен ұжым келіп, ал оның қонақтары мен көрермендері - 120 мыңнан астам адам тамашалады.