"Үркер 2018". "Жұлдыз FM" Қазақстандағы ең үздік аймақтық радиостанция атанды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыдағы "Жұлдыз FM" радиостанциясы "Үркер 2018" сыйлығында Қазақстанның үздік аймақтық радиостанциясы деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Жұлдыз FM" радиостанциясы "Үркер 2018" сыйлығында Қазақстанның үздік аймақтық радиостанциясы деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші.

"Біз үшін бұл марапатты иелену күтпеген жағдай болды. Шын мәнінде, "Қазақстанның ең үздік радиостанциясы" аталымында жеңеміз деп ойлап едік, бірақ үздік аймақтық радиостанция атандық. Барлық үлкен жетістік алда деп ойлаймын. Батыр Қазыбаев, Жан Қастеев, Мадина Уморбекова, Сергей Майбородаға және әріптестеріме зор алғыс білдіремін. Менің ойымша, бұл біздің ортақ, ұжымдық жеңісіміз. Біз сүйікті "Жұлдыз FM" радиостанциямыз үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп әсерін бөлісті радионың бағдарламалар директоры, радиожүргізуші Жасұлан Қали.

"Жұлдыз FM" радиосы қазақ тілінде жоғары сапалы мазмұнды контент ұсынады, жастардың құндылығын қамтамасыз етуге және ақпарат ағынында дұрыс бағытты таңдауға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, "Үздік фото" номинациясы бойынша  Tengrinews.kz фотографы Тұрар Қазанғапов марапатқа ие болды.

Сонымен қатар, "Үздік сараптама материал" номинациясында "Казахстанская правда" газетінің журналисі Әсел Мұқанова, "Үздік халықаралық сараптама материал" номинациясында Central Asia басылымының тілшісі Сәуле Исабаева жеңімпаз атанды, "Үздік репортаж" номинациясында "Today.kz" сайтының тілшісі Илья Астахов марапатталды.

Биыл "Үркер" сыйлығында "Үздік вайн" атты жаңа номинация пайда болды, оның жеңімпазы танымал "Безумная женщина" Instagram-арнасының авторы Нұрлан Батыров жеңіп алды.

"Қазақ газеттері" журналисі Ғалым Омарханов "Астананың 20 жылдығына арналған үздік материал" номинациясын жеңіп алды. "Қазақстан туралы үздік танымдық материал" жазған Yvision блогері Яков Федоров атанды.

Қазылар алқасының шешімімен "Үздік Сұхбат" наминациясын "Айқын" басылымының тілшісі  Гүлзип Бектасова алған, "Үздік журналистік тергеу"- "Время" газетінің тілшісі Асқар Джалдиновқа берілді. Сондай-ақ, "Экономика және қаржы туралы ең үздік материал" номинациясында "Капитал" газеті жеңіске жетті . "Ең үздік республикалық басылым" биыл "Егемен Қазақстан" газет деп танылды. "Үздік аймақтық баспа" номинациясында "Жетісу" газеті жеңіп алды.

"Үздік интернет-БАҚ" деп, "Үркер 2018" нұсқасы бойынша, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық сайты таңдалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro