Венгрия өнерпаздары The Spirit Of Tengri фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Венгрия өнерпаздары The Spirit Of Tengri фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шоудың бас продюсері Жан Қастеевтің айтуынша, өздерін мадиярлар деп атайтын венгрлер Tengri FM радиосының музыкалық шоуында тұңғыш рет өнер көрсетеді.
"Осы жылы біздің ағайындарымыз - мадиярлар келеді. Бұл - Holdviola тобының құрамындағы орындаушы Тилла Торок. Біз үшін бұл айтарлықтай маңызды жеңіс, себебі біз осылайша ары қарай дамимыз", - деді Қастеев.
Бұл топ ұлттық аспаптарымен осы заманның халық музыкасын орындайды. Жас Қастеевтің айтуынша, көшпенді халықтардың аспаптары ұқсас келеді.
"Музыканттармен таныса бастағанымызда аспаптардың аты біздің аспаптардың аттарымен сәйкес келіп жатқанын байқаймыз, яғни мәселен домбыра және қобыз аспаптары барлық көшпенді халықта бар", - деді ол.
Ол мадияларларда волынка деген аспап бар екенін айтты. "Волынка шотландардың аспабы саналады. Бірақ шын мәнінде, волынка, бірінші кезекте, көшпенді халықтардың аспабы, себебі бұл халықтар өмір бойы мал баққан, ал аспап теріден жасалған", - дейді Қастеев.
The Spirit Of Tengri фестивалінің бас директоры осы жылы 15 орындаушының келетінін айтты. "Бұл үздіктердің үздігі болады", - дейді ол. Шоу Алматыда екі күнге жалғасады. Фестивальді Астанада да өткізу туралы ой бар екен. Фестивальға венгрлермен қатар, эстон, моңғол-қытай және Қазақстанның орындаушылары шақырылған.