"Жас қанат-2015": Жеңімпаз бас жүлдемен қоса елорда әкімінің ақшалай сыйлығын иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жас қанат-2015": Жеңімпаз бас жүлдемен қоса елорда әкімінің ақшалай сыйлығын иеленді © Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жас қанат-2015" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жас қанат-2015" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында 24-ші "Жас қанат" республикалық конкурсының финалы өтті. Жас орындаушылар додасында Көкшетау қаласының атынан қатысқан Ринат Теміржан жеңіске жетті. Ол бас жүлдемен қоса, елорда әкімінің ақшалай сыйлығына ие болды.

"Екінші және үшінші орынды қарағандылық Лаура Айтбаева мен астаналық Сұлтан Ахмет алды. Биыл 15 қатысушының финалға алтауы ғана жетті. Атап айтқанда, астаналық Еркебұлан Тұрмахамбетов пен Сұлтан Ахмет, қарағандылық Лаура Айтбаева, Екібастұз қаласының атынан қатысушы Айбар Ашкеев, Степногор қаласының өнерпазы Владимир Новиков, сондай-ақ, көкшетаулық әрі осы конкурстың жеңімпазы болған Ринат Теміржан", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, байқаудың ұйымдастырушылары - "Хабар" агенттігі, Астана қаласының әкімдігі және "Азия дауысының" дирекциясы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети