Zhuldyz LIVE жобасы ерекше шығарылым дайындайды

Мұхтар Жәмішжанов
Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Zhuldyz LIVE жобасы ерекше шығарылым дайындайды

Нұр-Сұлтандағы Арбаттың 5 жылдығына орай Zhuldyz LIVE жобасы ерекше шығарылым дайындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы Арбаттың 5 жылдығына орай Zhuldyz LIVE жобасы ерекше шығарылым дайындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы бағдарламның жаңа шығарылымы ерекше болмақ, себебі Zhuldyz LIVE енді ашық аспан астында хабар тарататын болады. 

Zhuldyz LIVE 10 маусымда сағат 18:00-де елордадағы Арбаттың 5 жылдығына ерекше сый жасайды. Бұл күні Нұр-Сұлтандағы Арбатқа Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрі және "Голос" шоуының қатысушысы Полина Тырина келіп, өнер көрсетеді. Олардан бөлек, іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған талант иелері қатысады. Сонымен қатар, мерекелік кеште белгілі әнші, эстрада жұлдызы құпия қонақ болады. 

Концертке жиналған әншілер "Жұлдыз" радиосының әндерін шырқап, көрермендермен коллаборация жасайды. Іс-шараны Zhuldyz LIVE жобасынан тамашалауға болады. 

10 маусымдағы кешті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Еске салайық, 25 мамырда Zhuldyz LIVE музыкалық шоуының тұсауы кесілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети