"Жоғары даусым үшін күлетін". Димаш Құдайберген Малаховқа балалық шағын айтып берді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жоғары даусым үшін күлетін". Димаш Құдайберген Малаховқа балалық шағын айтып берді

Димаш Құдайберген "Привет, Андрей!" бағдарламасында бала кезінде оны жұрттың жоғары даусы үшін қалай мазақтағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Россия 1" телеарнасына сілтеме жасап.

Андрей Малаховтың бұл жолғы қонақтары "Жыл әні" ("Песня года") мерекелік бағдарламасының қатысушылары болды. Хабарға соңғы бірнеше жыл сұхбат бермеген Юрий Шатунов та келді. Сондай-ақ, Лев Лещенко, Филипп Киркоров, Николай Басков, Димаш Құдайберген, Лера Кудрявцева және басқалары болды. 

Андрей Малахов Димаш Құдайбергенге қазір ол кезіндегі Юрий Шатунов сияқты танымал екенін айтты.

Ал қазақстандық орындаушы бұл бағдарламаны бала кезінен көретінін және "Юра ағаның" (Юрий Шатунов) қалай өнер көрсететіні әлі есінде екенін жеткізді. Сондай-ақ ол балалардың не деп күлгенін есіне алды.

"Ауладағы барлық досым "Немене қыз сияқты ән айтасың. Жоғары дауыспен айтудың керегі не?" дейтін. Бізді мұғалімдер сопраномен орындауды үйреткен. Осыдан балалар бұл туралы жиі айта берді, содан мен даусымды басқа өзгерткенім бар, - деді Димаш.

Ал Киркоров Құдайбергеннің орындауындағы "Любовь, похожую на сон" әнін ең үздік ремейк деп таныды. Айта кетелік, бұл хит әнді Алла Пугачева қазақстандық өнерпаз дүниеге келген жылы (1994) айтқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети