Жыл сайынғы "Алматым жүрегімде" ән конкурсы биыл өткізілмейді

Жыл сайынғы "Алматым жүрегімде" ән конкурсы биыл өткізілмейді © Айжан Түгелбаева

Жыл сайынғы "Алматым жүрегімде" ән конкурсы биыл өткізілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы мәдениет басқармасы жетекшісі Маркен Ахметовтің айтуынша, ұйымдастырушылар өтінішті аз алған, өтініштердің ішінде сапалысы да аз. "Біз бұл сайысты екі жылда бір рет өткізу керек деп шештік. Биыл біз 4-ақ өтініш алдық, алдыңғы жылы осындай уақытқа дейін 30 өтініш түскен еді", - деді ол.

Еске сала кетейік, 2014 жылы "Алматым жүрегімде" конкурсының Гран-при жүлдесін шымкенттік "Арман" дуэті жеңіп алған еді. Байқау жеңімпазы атанған Ботагөз Алтынбекова мен Ғазизхан Шекербеков өздерінің жеке бейнебаяндарын түсіруге мүмкіндік алып қана қоймай, SsangYong маркалы көліктің де иесі атанды.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, биыл Алматы күніне орай қалада 50-ге жуық мерекелік шара өтеді. Жыл сайынғы Оркестрлер шеруі мерекені ашып берді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама