18 қыркүйек 2014 12:46

"Алматым жүрегімде" байқауында шымкенттік дуэт жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гран-при иегері "Арман" дуэті. Айжан Түгелбаева© Гран-при иегері "Арман" дуэті. Айжан Түгелбаева©

Қала күні қарсаңында жыл сайын өткізіліп тұратын "Алматы жүрегімде - 2014" ән байқауының Гран-приі Шымкенттен келген "Арман" дуэтіне бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі. Байқау жеңімпазы атанған Ботагөз Алтынбекова мен Ғазизхан Шекербеков өздерінің жеке бейнебаяндарын түсіруге мүмкіндік алып қана қоймай, SsangYong маркалы көліктің де иесі атанды.

Сұхбат беру барысында олар бақыттан басы айналғанын айтып, өмірінде мұншалықты құрмет-қошеметке бөленбегенін жасырмады. Тілшінің "Көлікті қалай бөліске саласыздар?" деген сауалына Ботагөз көлікті өзіне алатынын айтқан. Ботагөз бен Ғазизхан мектепте де, колледжде де бірге оқығанымен еш уақытта жақын сөйлеспепті. "Бірде мен оны мейрамханада ән айтып тұрғанын көріп, таңқалғаным бар. Сол кезде мен оған бірге ән айтуға ұсыныс жасадым", - Шекербаев.

"Алматым жүрегімде" байқауының қазылар алқасы бірінші орынды жас орындаушы, әрі композитор Тұрар Рахымберлинге берсе, екінші орынға "Гауһартас" квартетін лайық деп тапты. Ал үшінші орынды "Қазақстан дауысы" жобасының финалисі Роза Мұқатаева жеңіп алды. Одан бөлек байқаудағы арнайы жүлдені рэпер Назым Қайыров қанжығасына байлап, Muzzone телеарнасы арқылы әндерін ротациялауға мүмкіндік алды.

Қала күніне қарсаңында ұйымдастырылған "Алматым Жүрегімде" ән байқауында 40-тан астам өтініш келіп түссе, солардың 17-і іріктеп алынды. Олардың арасында X-factor жобасының соңғы маусымының жеңімпазы Қайрат Қапанов, "Қазақстан дауысы" сайысының финалисі Жанғали Әбішев пен этно-джаз ST brothers дэуеті де болды. Үміткерлер өнерін Марат Омаров, Арман Дүйсенов, Алуа Қонарова, Әлішер Каримов, Баян Есентаева, Нұрлан Абдуллин мен Бақыт Шадаева бағалап, сұрыптап отырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети