Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы – Ақтөбе бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды Сурет © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы – Ақтөбе бағытындағы № 033 жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengri Travel.


Алматы – Ақтөбе бағытындағы № 033 жолаушылар пойызында 60 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Қайғылы оқиға 27 сәуірде болды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, жол үстінде жолаушылар бірінің денсаулығы күрт нашарлаған.

Компания ақпараты бойынша, пойыз бастығы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Сондай-ақ ол жедел жәрдем бригадасын шақыртуды тез ұйымдастырды. Келіп жеткен медицина қызметкерлері жолаушының көз жұмғанын растады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өлім себебі нақтыланбады. Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сонымен қатар тасымалдаушы вагонның техникалық жағдайына қатысты пікір білдірді.

"Талапқа сәйкес әр вагон медициналық қобдишамен жабдықталған. Ауа баптағыш штаттық режимде жұмыс істеп тұрды", – деп хабарлады компания.

Бұған дейін "Қызылорда - Павлодар" пойызының жолаушысы жолсерігіне шағымданған болатын. Оның айтуынша, купесіне өзін өте дөрекі ұстаған мас ер адамды жайғастырған. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Тағы оқыңыз: "Тиісіп, балағаттады": баламен пойызға мінген әйел жолаушыға шағымданды

TengriTravel
;