"Алтын-Емел" ұлттық паркінің аумағында Сібір тау ешкісінің көктемгі есебі жүргізілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
2025 жылғы 17 сәуірде "Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сібір тау ешкісінің көктемгі есебі жүргізілді.
"Жабайы жануарларды есепке алу жұмыстарын ұлттық парк қызметкерлері Шолақ, Дегерес және Матай тау бөліктерінде жүргізді. Тау ешкілерінің таралу аймағына, маусымдық ерекшеліктеріне тұрақты бақылау фототұзақтар орнату және рейдтік іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Квадрокоптердің көмегімен ұлттық парктің қызметкерлері тік жартастың бетімен өрлеп бара жатқан тау ешкілердің шағын табынын түсіріп алды. Жануарлар үйлесімді әрі шапшаң қозғалып, бейнекадрлар өте әдемі шыққан.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!