Ерекше кадр: қар барысы камераға қызығушылық танытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа ерекше сәт түсіп қалды – қар барысы камераға қызығушылық танытқан. Бірақ ол жай ғана жанынан өте салмай, түсірілімге өз "түзетулерін" енгізбек болғандай, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа ерекше сәт түсіп қалды – қар барысы камераға қызығушылық танытқан. Бірақ ол жай ғана жанынан өте салмай, түсірілімге өз "түзетулерін" енгізбек болғандай, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Кадрларда барыстың камераны мұқият зерттеп тұрғаны анық көрінеді! Бір сәтте ол сақтықпен жақындап, аяғымен түртіп қалады. Мүмкін, ракурс ұнамаған болар? Әлде суретке "дұрыс" түсу үшін кадрды өзі реттемек болды ма?", - деп жазды Катонқарағай ұлттық паркінің ресми парақшасы.

Қалай десек те, техника шыдаған. Онда ғажайып жыртқыштың сирек кездесетін, ерекше кадрлары қалды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная