Жолаушы ұшаққа тапсырған жүгінен жаңа iPhone ұрланғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушы ұшаққа тапсырған жүгінен жаңа iPhone ұрланғанын мәлімдеді

Желіде Алматы әуежайында жолаушының жүгінен жаңа iPhone 16 Pro Max телефоны ұрланғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматы әуежайында жолаушының жүгінен жаңа iPhone 16 Pro Max телефоны ұрланғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Не болған?

Хабарламаға сәйкес, жолаушы жүгін алған кезде орамы бүлінгенін байқаған. Ал үйіне барған соң несиеге сатып алған телефоны жоғалғанын көрген.

"Қыз полицияға арыз жазып, Air Astana әуекомпаниясына жүгінген. Алайда әуекомпания құнды заттарды багажға тапсырмау керектігін көрсетіп, жауап берген", – делінген хабарламада.

Полиция не дейді?

Біз Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгіндік. Онда дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

"Ұрлық дерегі бойынша Алматы әуежайындағы көлік полициясы басқармасында Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған жағдайдың мән-жайын және қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне де ресми сауал жолдадық, алайда материал жарияланған сәтке дейін жауап келген жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная
Иконка Tengri health
Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная
;