Қазақстан аумағында сирек кездесетін барыс байқалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Орталық Азия барысын зерттеу және қорғау жөніндегі Халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақтардағы мәліметтерді тексеріп шықты. Бұл жоба National Geographic гранттары мен Segré қорының қолдауымен, сондай-ақ Conservation X Labs, BRCC және АСБК ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылады.

"Қуанарлық жаңалық: 2024 жылдың 29 қазаны мен 21 желтоқсан аралығында фототұзақтарға барыс төрт рет түсіп, қорық аумағына қайта оралғаны анықталды!" - делінген хабарламада.

Бұл мәліметтер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.

"Орталық Азия барысының қайта оралуы – бұл Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы әрі біз жүргізген бірлескен күш-жігердің нәтижесі", – дейді қорық қызметкерлері. - Бұл жетістік бізді бұл сирек аңды зерттеу және қорғау жұмыстарын жалғастыруға ынталандырады".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная