Қазақстан азаматтардың Грузияға кіре алмау жағдайлары жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстан өз азаматтарының Грузияға кіре алмау жағдайлары жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірді. Грузия тарапы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан өз азаматтарының Грузияға кіре алмау жағдайлары жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдірді. Грузия тарапы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тбилисиде Қазақстан мен Грузияның сыртқы істер министрліктері арасында қос тараптың тиісті органдар өкілдерінің қатысуымен кезекті консулдық консультациялар өтті.

Консультациялар барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

Қазақстандық тарап азаматтарды Грузияға барғанда елге кіргізбей, кері депортациялау жағдайларының көбеюі мәселесіне тоқталды.

"Кездесу аясында қазақ тарапы Грузия аумағына келген кезде ҚР азаматтарына кіруге жиілеп кеткен бас тартулар мен олардың кейіннен елден шығарылу жағдайларына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсаттармен келетіні және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтыны аталып өтті", - делінген ҚР СІМ тарапы пікірінде.

Бұған жауап ретінде грузин тарапы биылғы мамырдың басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту деректерінің айтарлықтай төмендегенін хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сендірді.

"Сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін білдірді", - министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная