"Көлсай көлдері" МҰТП аумағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы тағы да фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған бейнетұзақтардың біріне Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюы қайтадан түсіп қалды.
"Бұл сирек кездесетін бейнежазба — қоңыр аюлардың ұлттық парк аумағында әлі де мекендейтінін дәлелдейді және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсетеді. Аталған дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігінің маңызды айғағы болып табылады", - делінген хабарламада.
Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!