Қазақстандағы әуе билеттері: баға қалай қалыптасады және қайда шағымдануға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Әуе билеттерінің бағасы қалай қалыптасады? Тарифтердің өсуіне байланысты қайда шағымдануға болады? Tengritravel.kz осы сұрақтарға Қазақстанның Көлік министрлігінен жауап алды.


Иконка комментария блок соц сети

Әуе билеттерінің бағасы қалай қалыптасады? Тарифтердің өсуіне байланысты қайда шағымдануға болады? Tengritravel.kz осы сұрақтарға Қазақстанның Көлік министрлігінен жауап алды.

Министрлік мәліметінше, халықаралық тәжірибеге сәйкес, әуе билеттерінің бағасын мемлекеттік тұрғыда реттеу заңды түрде қарастырылмаған, бұл тарифтер нарықтық жағдайларға байланысты әуекомпанияларының өздері арқылы белгіленеді.

"Қазақстандық әуекомпаниялары билет бағасын анықтау кезінде динамикалық баға белгілеу жүйесін пайдаланады. Егер елдегі бәсекелестікті қорғау саласында заңбұзушылықтар анықталса, монополияға қарсы шаралар қабылданады. Динамикалық баға белгілеу – бұл маусымдық сұраныс, сұраныстың белгілі бір кезеңдердегі ауытқуы, әуе кемесінің түрі, орын саны, ұшу уақыты, билеттің сатып алыну мерзімі (ұшуға дейінгі күндер саны) және басқа да факторлар негізінде билет бағасын қалыптастыру механизмі", – деп түсіндірді министрлік.

Сондай-ақ, ведомство әуе билеттерінің өзіндік құнының шамамен 30 пайызы авиаотынға кететін шығындар құрайтынын және бұл билет бағасына айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.

"Қазіргі уақытта ішкі нарықта авиаотын өндірісінің шектеулі болуына байланысты әуе билеттерінің қымбаттауына, әуекомпанияларының ұшу бағдарламасының бұзылуына және рейстердің тоқтатылуына жол бермеу мақсатында негізгі отын өндірушілердің ресурстары, ең алдымен, жолаушылар тасымалдайтын отандық әуекомпанияларына бағытталады", – деді министрлік өкілдері.

Егер жолаушылар билеттердің бағасы негізсіз жоғары деп санаса, олар қайда шағымдана алады?

"Егер жолаушы билет құнының негізсіз жоғары екенін байқаса, онда ол бұл мәселе бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгініп, билет бағасына талдау жүргізуді сұрай алады", – деп мәлімдеді министрлік.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная