Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды: оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vk.com/nord_wind_airlines Фото: vk.com/nord_wind_airlines

Екатеринбург – Сочи бағытында ұшып шыққан Nordwind Airlines әуекомпаниясының Boeing-777 ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты Ақтөбеге шұғыл қонып, кейін маршрутты қайта жалғастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екатеринбург – Сочи бағытында ұшып шыққан Nordwind Airlines әуекомпаниясының Boeing-777 ұшағы жолаушының жағдайының нашарлауына байланысты Ақтөбеге шұғыл қонып, кейін маршрутты қайта жалғастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі мәлім етті. Екатеринбург – Сочи рейсі Астана уақытымен шамамен 14:30-да бағытын жалғастырды.

Бұған дейін ұшақ бортында болған жолаушының Ақтөбеге қонар алдында көз жұмғаны хабарланған болатын.

Әйел Сочиге күйеуі және балаларымен бірге ұшып бара жатқан. Оның мәйіті Ақтөбеде қалдырылған. Отбасының нақты қайда екені әзірге белгісіз. Әуекомпаниясы мен дәрігерлерден ресми түсініктеме әлі түскен жоқ.

"Ақтөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бастапқы тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнын қарау, куәгерлерден жауап алу және бірқатар сараптамаларды тағайындау жоспарланған. Тексеру нәтижесінде процестік шешім қабылданады", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ұшақ қонғаннан кейін оған шұғыл әрекет ету қызметтері мен медицина бригадасы дереу жіберілген.

"Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған әйел Ақтөбеге қонар алдында көз жұмған. Ақтөбе халықаралық әуежайы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 мамырда Nordwind Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағы бортында 564 жолаушы болған. Ұшақ Ақтөбеге мәжбүрлі түрде қонған. Оған жолаушы әйелдің жүрегі кенеттен тоқтап қалуы себеп болған. Кейін оның 42 жаста болғаны анықталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная