Ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды: жолаушы әйел қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлия Молдағұлова әуежайы әкімшілігі Фото: Әлия Молдағұлова әуежайы әкімшілігі

Ақтөбеге шұғыл қонғанған Nordwind Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының жолаушысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты әуежай әкімшілігі растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеге шұғыл қонғанған Nordwind Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының жолаушысы қайтыс болды. Бұл ақпаратты әуежай әкімшілігі растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

27 мамырда түсте Nordwind Airlines компаниясының Boeing-777 ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды.

Әуе кемесінің бортында 564 жолаушы болған. Ұшақ Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған, алайда жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлауына байланысты Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған.

Flightradar сайтының деректеріне қарағанда, ұшақ Сочиге жергілікті уақытпен 11:55-те (Астана уақытымен 13:55) қонуы тиіс болған.

Скрин: Flightradar

Жолаушының қазасы

Халықаралық "Әлия Молдағұлова" атындағы әуежайдың басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, Екатеринбург – Сочи бағытындағы рейс жолаушысы қайтыс болған. Әйелдің шамамен 42 жаста екені белгілі.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ұшақ қонғаннан кейін оған жедел әрекет ету қызметтері мен медициналық бригада жедел түрде жіберілген.

"Өкінішке қарай, қабылданған барлық шараға қарамастан, жолаушыны құтқару мүмкін болмады. 1983 жылы туған әйел Ақтөбеге ұшақ қонғанға дейін көз жұмды. Халықаралық Ақтөбе әуежайы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша құзырлы органдармен белгіленген тәртіп бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная