Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан сирек кездесетін жыртқыш құс - тазқараның ұясы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2025 жылдың көктемінде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілген далалық бақылау жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енгізілген сирек жыртқыш құс - тазқараның балапаны бар ұясы анықталды.
"Көбею кезеңі наурыз–сәуірге сәйкес келеді. Әр маусымда тек бір жұмыртқа салады, ал басып шығару мерзімі шамамен 55 күн. Тазқара негізінен өлексемен қоректеніп, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды санитарлық рөл атқарады. Ұясын биік жартастарға, үлкен бұтақтар мен табиғи қуыстарды пайдалана отырып салады", - делінген хабарламада.
Тазқара мемлекет қорғауында, және оны сақтау жөніндегі барлық іс-шаралар табиғатты қорғау заңнамасымен қатаң реттеледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тазқара - сұңқартәрізділер отрядына жататын ірі жыртқыш құс. Дене ұзындығы 1 метрге дейін жетеді, қанатының ұзындығы шамамен 85 см, салмағы 7–12 кг аралығында болады. Бұл құс түрі негізінен таулы аймақтарда, жартасты беткейлер мен адам баруы қиын биік жерлерде мекендейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!