иллюстрация ©Алаш айнасы
Президент тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін Ұлттық қордан бөлінетін бір триллион теңге Алматы қаласының кәсіпкерлеріне тимей қалуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке сілтеме жасап. "Жақын күндері Ұлттық қордан бөлінетін бір триллион теңгені игеру механизмдері бойынша тиісті шешім қабылданады деп ойлаймын. Әрине, механизмнің қандай болатынын біз әлі білмейміз. Дегенмен, өз тарапымыздан қажетті ұсыныстарды бердік. Оны "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында қалай игереміз? Осыған байланысты бір мәселе туындайды. Егер ол ақша тек жаңа жобаларға ғана бөлінетін болса, онда біз ондай жобаларды жинай алмаймыз. Девальвацияны да ескерген жөн. Ал Алматының бүгінгі шағын және орта бизнесі - бұл қызмет көрсету және сауда саласы. Оның барлығы "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасына кірмейді. Сол бір триллионды таратқан кезде, аталған мәселесін ескеруіңізді сұраймын", - деді Үкіметтің селекторлық режимде өткен отырысында А.Есімов. Сондай-ақ қала әкімі мемлекеттің кейбір функцияларын Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына беру туралы шешімді тездетіп қабылдауды сұрады. "Бүгінде өңірлік даму министрлігі қаржыны игеруді тоқтата тұруға тапсырма берді. Сондықтан қаражатты уақытында игеру мақсатында аталған шешімді тездетіп қабылдауыңызды сұраймын", - деп атап көрсетті А.Есімов.
Президент тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту үшін Ұлттық қордан бөлінетін бір триллион теңге Алматы қаласының кәсіпкерлеріне тимей қалуы әбден мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке сілтеме жасап.
"Жақын күндері Ұлттық қордан бөлінетін бір триллион теңгені игеру механизмдері бойынша тиісті шешім қабылданады деп ойлаймын. Әрине, механизмнің қандай болатынын біз әлі білмейміз. Дегенмен, өз тарапымыздан қажетті ұсыныстарды бердік. Оны "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында қалай игереміз? Осыған байланысты бір мәселе туындайды. Егер ол ақша тек жаңа жобаларға ғана бөлінетін болса, онда біз ондай жобаларды жинай алмаймыз. Девальвацияны да ескерген жөн. Ал Алматының бүгінгі шағын және орта бизнесі - бұл қызмет көрсету және сауда саласы. Оның барлығы "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасына кірмейді. Сол бір триллионды таратқан кезде, аталған мәселесін ескеруіңізді сұраймын", - деді Үкіметтің селекторлық режимде өткен отырысында А.Есімов.
Сондай-ақ қала әкімі мемлекеттің кейбір функцияларын Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасына беру туралы шешімді тездетіп қабылдауды сұрады. "Бүгінде өңірлік даму министрлігі қаржыны игеруді тоқтата тұруға тапсырма берді. Сондықтан қаражатты уақытында игеру мақсатында аталған шешімді тездетіп қабылдауыңызды сұраймын", - деп атап көрсетті А.Есімов.