2017 жылдың ЖІӨ өсімі төрт пайыз - Ұлтық экономика министрі

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылдың ЖІӨ өсімі төрт пайыз - Ұлтық экономика министрі

Алдын-ала қорытынды бойынша, 2017 жылдың ЖІӨ өсімі төрт пайыз болған. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдын-ала қорытынды бойынша, 2017 жылдың ЖІӨ өсімі төрт пайыз болған. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап. 

Министрдің мәліметінше, 11 айдың қорытындысы бойынша Ресейге экспорт 33 пайызға, Еуропа одағына 31 және Қытайға - 34,9 пайзға өскен. Дегенмен ЖІӨ-нің өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде (60 пайыз) шоғырланған. Ал тұтастай алғанда, нақты секторда экономиканың барлық салаларында өндірістің синхрондық өсімі байқалған. 

Ең жоғарғы өсім өнеркәсіпте 7,1 пайыз. Бұл негізінен Индустрияландыру картасындағы жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуда. Көлік саласында - 4,8 пайыз, байланыс - 3,3 пайыз және саудада - 3,2 пайыз. 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында ИИДМБ арқылы 850 миллиард теңгеге 62 жоба енгізілді және 5,5 мың жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, фармацевтика саласының қарқынды дамып келе жатыр - 41,8 пайыз. Жеңіл өнеркәсіп тоғыз инвестициялық жобаны іске қосуға және жүйе құрушы компаниялардың қазақстандық қамтуының ұлғаюына байланысты өндірісті 7,3 пайызға арттырды. Бұдан өзге, машина жасау саласында 5,6 пайыз деңгейінде тұрақты өсім белгіленген. Ауыл шаруашылығында өсім 2,9 пайызды құрады: өсімдік шаруашылығының өнімі 2,2 пайызға, мал шаруашылығы өнімі 3,9 пайызға өскені хабарланып отыр.

"Экономиканың тұрақты өсімі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүрді. Мәселен, есепті кезеңнің 9 айы ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 53,1 мың адамға артып, 1 қазандағы жағдай бойынша 6,4 млн адамды құрады. Бұл жұмыссыздықты төменгі 5,0 пайыз деңгейінде ұстауға мүмкіндік берді", - дейді министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети