2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қор активтері 1,3 миллиард долларға өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қор активтері 1,3 миллиард долларға өсті Фото: finbiz.kz

2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қордың активтері 59,34 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың тоғыз айында Ұлттық қордың активтері 59,34 миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

2018 жылдың осы кезеңінде активтер 57,99 миллиард доллар болған. Яғни, былтырмен салыстырғанда Ұлттық қор активтері 2,3 пайызға өскен. 

2019 жылдың екінші жартысында Ұлттық банк жинақтау қоржынының активтерін жаңаша теңдестіре бөлу бойынша жұмысты бастаған. Нәтижесінде 2019 жылдың тамызы мен қыркүйегінде, тиісінше, 200475,43 және 199866,28 унция алтын алынды. Осылайша, үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша алтын қоржынының нарықтағы бағасы 595,5 миллион доллар болды. 

Айта кетейік, соңғы төрт жыл бойы Ұлттық қордың активтері азая берген еді. Биыл қаңтар мен қыркүйек арасында Ұлттық қор кірісінің көбеюіне негізгі себеп - қор басқармасынан инвестициялық кіріс түсуі, ол 2019 жылдың үш тоқсанында 2,3 миллион доллар болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети