2020 жылы әлемде бензин бағасы 11 пайызға төмендеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

2020 жылы әлемдегі бензиннің орташа бағасы литріне 0,81 доллар болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11 пайызға арзан. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) сарапшылары айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылы әлемдегі бензиннің орташа бағасы литріне 0,81 доллар болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 11 пайызға арзан. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) сарапшылары айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ХЭА мәліметі бойынша, бағаның төмендеуі COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 жылдың бірінші жартысында мұнайдың арзандауына байланысты болған.

2019 жылдан бастап арзан және қымбат баға көшбасшылары өзгерген жоқ. Гонконгта ең қымбат бензин литріне 2,01 долларға сатылды, ал ең арзан бензин Иранда әлі де бар-жоғы 0,32 доллар тұрады.

"Мұндай айырмашылықты түсіндіретін бірнеше фактор бар. Бірақ Иран мұнай экспорттаушы, ал Гонконг импорттаушы, сұраныс пен салық жоғары", - деп жазады ХЭА срапшылары.

Жалпы алғанда, бензин бағасы мұнай бағасымен байланысты. Бірақ өңдеу, тасымалдау, маркетинг шығындары, сондай-ақ салықтар бензинді мұнайға қарағанда едәуір қымбаттатады, дейді сарапшылар. Сонымен қатар, кейбір елдерде отын бағасын қатаң реттеуге байланысты мұндай корреляция жоқ.

Агенттік Ираннан басқа бағасы төмен елдер Алжир - 0,35 доллар, Нигерия мен Малайзия - 0,4 доллар, Сауд Арабиясы және посткеңестік кеңістіктегі бірнеше ел: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан (бүкіл жерде литріне 0,42 доллардан), Түркіменстан - 0,43 доллар және Индонезия - 0,46 доллар.

Былтыр Ресейде бензин бағасы орташа деңгейден төмен болған - 0,64 доллар, ал 2019 жылы ол 0,7 доллар болды. Салыстыру үшін: АҚШ-та 2020 жылы бір литр бензин 0,68 доллар, Беларуссияда – 0,72 доллар, ал Украинада - 0,89 доллар болған.

Ең қымбат бензин Батыс және Солтүстік Еуропа елдерінде сатылды: Германияда - 1,48 доллар, Норвегияда - 1,56, Италияда - 1,63 және Финляндияда - 1,71 доллар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro