ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2022 | 10:32
2023 жылдан бастап темекіге акциз мөлшерлемесі өседі
Қаржы министрлігі темекі өнімдері құнын өсіру жоспарын өзгертті. 2023 жылдан бастап акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігі темекі өнімдері құнын өсіру жоспарын өзгертті. 2023 жылдан бастап акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдедегі №135-VII Заң Салық кодексіне темекі өнімдеріне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен өсіруді көздейтін өзгерістер енгізді. Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген.
Фильтрі бар темекі:
- 2023 жылы - 1 000 данаға 14 100 теңге;
- 2024 жылы - 1 000 данаға 15 900 теңге;
- 2025 жылы - 1 000 данаға 15 900 теңге.
Сондай-ақ, сигариллаға арналған акциз ставкалары темекі ставкаларына теңестірілген.
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін келіден данаға өзгертіп, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:
- 2023 жылы - 1 000 данаға 9 870 теңге;
- 2024 жылы - 1 000 данаға 11 130 теңге;
- 2025 жылы - 1 000 данаға 11 130 теңге.
Одан бөлек, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілген.
Электрон сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:
- 2023 жылы - сұйықтық миллилитріне 53 теңге;
- 2024 жылы - сұйықтық миллилитріне 55 теңге;
- 2025 жылы - сұйықтық миллилитріне 55 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также