2023 жылдан бастап темекіге акциз мөлшерлемесі өседі

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылдан бастап темекіге акциз мөлшерлемесі өседі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігі темекі өнімдері құнын өсіру жоспарын өзгертті. 2023 жылдан бастап акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қаржы министрлігі темекі өнімдері құнын өсіру жоспарын өзгертті. 2023 жылдан бастап акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 шілдедегі №135-VII Заң Салық кодексіне темекі өнімдеріне акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен өсіруді көздейтін өзгерістер енгізді. Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген.

Фильтрі бар темекі:

  • 2023 жылы - 1 000 данаға 14 100 теңге;
  • 2024 жылы - 1 000 данаға 15 900 теңге; 
  • 2025 жылы - 1 000 данаға 15 900 теңге.

Сондай-ақ, сигариллаға арналған акциз ставкалары темекі ставкаларына теңестірілген.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін келіден данаға өзгертіп, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:

  • 2023 жылы - 1 000 данаға 9 870 теңге;
  • 2024 жылы - 1 000 данаға 11 130 теңге; 
  • 2025 жылы - 1 000 данаға 11 130 теңге.

Одан бөлек, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілген.

Электрон сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артты:

  • 2023 жылы - сұйықтық миллилитріне 53 теңге;
  • 2024 жылы - сұйықтық миллилитріне 55 теңге;
  • 2025 жылы - сұйықтық миллилитріне 55 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +21
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +19
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +20
П
Павлодар +22
Петропавл +23
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +22
Түркістан +16
О
Орал +19
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер