2025 жылы Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тасымал қарқыны 10 есе артады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында электронды сауданы дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында электронды сауданы дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

"Электрондық коммерция - бұл әлемдік тренд, сервистік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі", - деді Асқар Мамин.

ҚР Үкіметінің басшысы электронды сауданы экономиканың өсуінің қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Дамыған инфрақұрылымды ескерумен, электронды сауда көлемін арттыру жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бүгінде аталмыш және іргелес салаларда 33 мың адам жұмыспен қамтылған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 314 мың адамға дейін жеткізу көзделген.

Болжамдарға сүйенсек, 2025 жылға қарай қазақстандық интернет алаңдардағы сатып алу көлемі 153 миллиард теңгеден 2 триллион теңгеге дейін өсіп, бөлшек сауданың 25 пайыз құрайтын болады. Электронды коммерция аясында логистикалық компаниялардың транзиттен күтілетін кірісі 2025 жылға қарай 1270 миллиард теңгеге дейін өседі.

"Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізінің дайын инфрақұрылымын ескерумен, контейнерлік тасымалдар мен логистиканың өсуімен қатар автотасымалдаушылар үшін үлкен әлеуеті бар бағыт ашылады, -  деді Асқар Мамин. - Электронды сауда-саттықтың экономикаға тигізетін мультипликативті әсері жалпы ішкі өнімге жыл сайын қосымша 1,1 пайыз деңгейінде үлес қосады деп болжауға, 2025 жылға қарай Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тасымалдар қарқынын тәулігіне 2 мыңнан 21 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді".

ҚР премьер-министрі электрондық сауда арқылы отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің және басқа да өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін шетелдерге, оның ішінде Қытай нарығына өткізу әлеуетін атап өтті. Мысалы, ауыл шаруашылығы тауарлары мен тамақ өнімдерін электронды сауда-саттық арқылы өткізу жыл сайын 20 пайыз-ға өсетін болады.

"Қазіргі кезде әлемде ірі сауда желілерінің жабылып, олардың электронды коммерция қоймалары ретінде пайдаланылуын ескерсек, алдағы уақытта логистикалық орталықтар нарықтың негізгі бағытына айналуына мүмкін", - деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты, ҚР Үкіметінің басшысы 2025 жылға дейін еліміздің барлық ірі қалаларында көлік-логистикалық орталықтарды іске қосу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Асқар Мамин атап өткендей бұл жұмысқа отандық және шетелдік инвесторларды, соның ішінде мемлекеттік жекешелік әріптестестік тетіктерін қолдану арқылы, тарту керек. Сондай-ақ, Қорғаста қазір жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндігін де қарастырған жөн.

Кадрлар дайындау мәселесіне жекелеген көңіл бөлінді. Жұмыс орындарының жоспарланған өсіміне сәйкес 2025 жылға қарай 280 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады. ҚР Үкіметінің басшысы "Қазпошта" АҚ және логистикалық компаниялар колледждер мен басқа да білім беретін мекемелер базасында мамандарды дайындауды өз қарамағына алу мәселесін қарастырулары қажеттігін атап өтті.

"Электронды сауда экономиканың одан әрі өсуіне серпін береді. Біз транзиттік мүмкіндіктерді және көлік-логистикалық инфрақұрылымды тиімді пайдалана отырып және отандық нарық әлеуетін ұлғайта отырып, оның тұтас экожүйе ретінде дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек", - деді Асқар Мамин.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі 2025 жылға дейінгі электронды коммерцияны дамыту жөніндегі Жол картасын  әзірлеуді тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer