Несие тарихының деректер базасына сәйкес, үш миллионға жуық қазақстандық банктерге қарыз емес екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Несие тарихының деректер базасына сәйкес, үш миллионға жуық қазақстандық банктерге қарыз емес екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Қарыз өсіп жатыр
Бірінші кредиттік бюрода қазақстандықтардың қарызы туралы, оның ішінде ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыз бойынша барлық ақпарат сақталады.
Мәселен, былтыр бюро бөлшек қарыз өсіп жатқанын (шамамен 43 пайыз) тіркеді. Қазақстандықтар тауарды да көбірек ала бастаған. Тұтынушылық қарыз сомасы бес триллион теңгеден асады.
Сонымен қатар, бюро мәліметінше, жалпы портфельдегі ипотекаға 3 триллион теңгеден аса қаржы тиесілі. Автонесиелеу триллион теңгеден асады. Былтыр 65 пайыздан аса қазақстандық автокөліктерді пайызбен алған. Бұл ретте 3 миллионға жуық қазақстандық банктерге қарыз емес.
"Несиелерді орта есеппен бір жылға дейін алады. Бұл сома аз болса да, бөліп төлеу санын арттырды. Орташа тұтынушылық қарыз 300 мың теңгеден сәл асады. Қазақстандықтар несие алса, оны қалай қайтару керек екенін түсінуі тиіс", - деді Алматы бірінші кредиттік бюросының атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.
Нашар несие тарихы
Нашар несие тарихын толық жою мәселесіне байланысты компания қызметкері Қазақстанда мұндай механизм жоқ екенін түсіндірді. Ұйым клиенттің тарихына қандай да бір өзгерістер енгізуге құқысы жоқ екені айтылды. Қате ақпарат болса, деректер өз жүйелеріндегі қатені банк түзеткен кезде жаңартылады.
Сонымен қатар, қазақстандықтардың нашар несие тарихын жақсартудың бірнеше нұсқасы бар. Біріншісі - жаңа қарыз алған кезде банкке тек кейінгі бес жыл ішіндегі несие тарихын беру. Бұл жағдайда осы уақытқа дейін болған жағдайлар банктерде көрінбейді.
"Қалпына келтіру" мәртебесі
Екінші нұсқа - несие келісімшарттарын қалпына келтіру. Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиеваның айтуынша, азаматтар банк алдындағы қарызын 90 күннен аса кешіктіріп төлегеннен кейін, ол 12 ай күтеді. Осы уақыт ішінде басқа несиелер кешіктірілмеуі керек. Мұндай жағдайда келісімшарт "қалпына келтірілген" деген мәртебеге ие болады. Бұл ретте банктің қарыз беруден бас тартуға құқығы бар.
"Мұндай мәртебе несие алуға кепілдік бермейді. Оның бәрі банк саясатына байланысты. Бір банк тәуекелге бара алады. Біреу, керісінше, тек сапалы клиенттерді алғысы келеді. Бүгін маған Facebook-те "қарыз кешіктіріп жабылса да, мемлекеттік бағдарлама бойынша неге несие ала алмаймын" деген сұрақ қойылды. Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары одан да қатаң. Онда кейінгі екі жылда 180 немесе 90 күннен артық ешқандай кідіріс болмауы тиіс", - деп түсіндірді Нұрғалиева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!