5 жылдың ішінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 4 есе өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 жылдың ішінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 4 есе өскен ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның мемлекттік қарызы бір жылда 21,9 пайызға өсті. Енді қарыз - 14,8 триллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сараптамасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның мемлекттік қарызы бір жылда 21,9 пайызға өсті. Енді қарыз - 14,8 триллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сараптамасына сілтеме жасап. 

Мемлекттің қарызы 14,2 триллион яғни (20 пайызға артқан), мемлекеттің кепілдік қарызы - 523 миллиард теңге (2,2 есеге өсті) сондай-ақ мемлекеттің ішкі қарызы 37,8 миллиард теңге (қаз қалпында). 

Бір жыл бұрынғы мемлекеттік қарыздың жиынтығы 12,1 триллион болған. 

Зерттеушілердің айтуынша, мемлекеттік қарыздың басты факторларының бірі ҚР ішкі қарызы (39,1 пайыз). Бір жылда ол 30,6 пайызға яғни 4,4-тен 5,8 триллион теңгеге өсті. Ішкі қарыз 4,7 пайызға немесе 210 миллиард сомаға ұлғайған. 

Орташа есеппен Қазақстанның қарызы жылдан жылға 28,8 пайызға өсіп келе жатыр. 

Сарапшылардың айтуынша, мемлекет 2018 жылдың жарты жылдығында 248,7 миллиард теңгені мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін бағыттаған. Ал салыстырмалы түрде алсақ алдыңғы жылдан 13,3 пайызға (29,2 миллиард теңгеге) өскен екен. 

Мемлекеттік бюджеттің барлық бағыты бойынша жалпы шығын 9,6 пайызға немесе 449,1 миллиард теңгеге ұлғайған. Ал борышқа қызмет көрсету бойынша шығыстардың үлесі 4,9 пайыз болып шықты (бір жыл бұрын 4,7 пайыз). 

Екі тоқсанның қорытындысы бойынша, соңғы 5 жылда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету бойынша шығындар  3 есеге өсті - (162,3 миллиард теңге) 86,4 миллиард теңгеден 248,7 миллиардқа артқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети