"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 1 695 өтініш мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 1 695 өтініш мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 30,2 миллиард теңге сомасына 2 526 өтініш қабылданған. Оның ішінде 20,2 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 1 695 өтініш мақұлданды.
"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, "Баспана" ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.