23 мамыр 2022 13:22

9 миллиард теңге. Қазақстанда ресейлік банктердің еншілес компанияларының шоты бұғатталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ресейлік банктердің еншілес компанияларының шотындағы 9,2 миллиард теңге бұғатталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда ресейлік банктердің еншілес компанияларының шотындағы 9,2 миллиард теңге бұғатталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санкция талаптары аясында кейбір шетелдік банктер Сбербанк, Альфа-Банк және ВТБ банкінің еншілес банктеріндегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарды бұғаттады. Нәтижесінде, банк деректері бойынша, жалпы сомасы 9,2 миллиард теңгеге жуық қаражат бұғатталған. Сбербанкте - 2,7 миллиард теңге, Альфа-Банкте - 6,2 миллиард теңге, ВТБ Қазақстан банкінде - 0,3 миллиард теңге", - деді Әбілқасымова.

Оның айтуынша, шетелдік банктер Сбербанктің жекелеген клиенттеріне 2,9 миллиард теңге көлеміндегі төлемдерді бұғаттаған. Альфа-Банк клиенттеріне 3,9 миллиард теңге көлеміндегі шетел валютасы бойынша төлемдер мен аударымдар тоқтатылған.

"Қазір банктің жаңа акционері ЦентрКредит Банкі банкті АҚШ пен бірқатар басқа елдің санкциясы тізімінен шығару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр", - деп толықтырды Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети