KASE таңғы сессиясы доллар бағамының 218 теңгеге тең жағдайында аяқталды

24 Тамыз 2015, 11:19
2
KASE таңғы сессиясы доллар бағамының 218 теңгеге тең жағдайында аяқталды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы сессиясы доллар бағамының 218,61 теңгеге тең жағдайында аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауда 238,3 теңгемен ашылды. Ең арзан келісім 204 теңгемен, ал ең қымбаты 238,3 бағасында жасалды. Саудаға валюта нарығының барлығы 18 адамы қатысты. Сауда көлемі 75 миллион доллардан асты. Таңғы сессия 10.15-11.00 аралығында өтті. Еске салайық, осыған дейін 21 тамызда доллар бағамы 237,6 теңгеге тең болған еді. 

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай