05 қыркүйек 2014 | 14:30

WhatsApp хабарламалары май құю бекеттеріне бойкотқа шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

WhatsApp желісінде жүргізушілерді Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріне бойкот жариялауға шақырған хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір елде жанармай бағасы артып, кейбір бекеттердің АИ-92-ні талонмен ғана беріп жатқаны белгілі.


Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp желісінде жүргізушілерді Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріне бойкот жариялауға шақырған хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазір елде жанармай бағасы артып, кейбір бекеттердің АИ-92-ні талонмен ғана беріп жатқаны белгілі.

Жаппай таратылған хабарламаларды екі күн ішінде мыңдаған қазақстандық алып үлгерді. Хабарламалар жүргізушілерді Helios және "ҚазМұнайГаз" сияқты ірі жеткізушілердің май құю бекеттеріне бармауға, сол арқылы жанармайдың қымбаттауымен күресуге шақырады. "Екі ай бойы ірі жеткізушілерден жанармай құймайтын боламыз. Егер жанармайдың қымбаттауына байланысты отынды ұзақ уақыт ешкім сатып алмайтын болса, онда сатушы бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Олар бағаны түсірген соң өзге сатушылар да соны қайталайды. Бірақ мұндай эффектке қол жеткізу үшін бұл компаниялар, шынымен де, мыңдаған клиентінен айырылуы тиіс", - делінген хабарламаның мәтінінде. Хаттың жасырын авторлары хабарламаны WhatsApp-тың үш миллионға жуық тұтынушысы оқиды деп шамалап отыр.

"Ірі компаниялардың жанармай құю бекеттерін айналып өтуге шақырамыз. Литріне 104-114 теңге болған бұрынғы бағаға қайтып келсін", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның Тәуелсіз автокөлік одағының басшысы Эдуард Эдоковтың айтуынша, мұндай флешмоб Қазақстанның жанармай құю бекеттеріндегі жанармай бағасының өсуін тоқтата алмайды. Сол себепті ондай шараны жасаудың қисыны жоқ. "Мен мұны "бала ойнату" деп есептеймін. Ол бағаға ешқандай әсер етпейді, егер 30 мың адам машинасына май құймайтын болса, тиісінше, көшеге шыға алмайды, сөйтіп, кептелістің азаюына ықпал етеді. Мұндай нәтиже болса, онысы жақсы. Ал беймәлім жанармай құю бекетінің өнімін пайдаланудың қажеті жоқ - оның арты тағы шығынға ұшыратады", - дейді Эдоков.

Tengrinews.kz аталған компанияларға сауал жолдап, олардан түсініктеме күтіп отыр.

Айта кетейік, Орал тұрғыны өзіндік акция өткізіп, жаппай хабарлама авторларының алдын орап кеткен еді. Ол әкімдік маңына "Жанармай жоқ, жанармайды қайдан аламын?" деген жазуы бар көлігін қойып кетті. Кейін әкімдікке полицейлер келіп, жүргізушіден көлігін алып тастауды сұрады. Жүргізуші елдегі жанармай тапшылығына қатысты осылайша азаматтық ұстанымын білдірмек болғанын батыл айтты. 

Еске салайық, Қазақстанда жанармай қымбаттаған болатын. 21 тамыз күні "ҚазМұнайГаз" АҚ топ-менеджерлері Астанада өткен брифингте жанармай бағасын 10-15%-ға арттыру керектігін мәлімдеді. Мәлімдемеден соң Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мұнай өнімдерінің шектік бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Сөйтіп, АИ-92/93 жанармайларының бағасы литріне 128 теңге болып жоғарылады. Сарапшылар елімізде жанармай бағасының тағы да шарықтауы мүмкін екенін болжады. Өйткені Қазақстан сырттан тасымалданатын жанармайға тәуелді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети