Әділетсіз жұмыс берушілердің көбісі Алматыда тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділетсіз жұмыс берушілердің көбісі Алматыда тұрады Фото shkolazhizni.ru сайтынан

Қазіргі кезде қазақстандық жұмыс берушілердің жалақы қарызы 1 миллиард теңгеге таяп қалды. Оның 20 пайызы Алматы қаласына тиесілі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап. Министрдің хабарлауынша, өткен жылдың басында 92 кәсіпорын 9 мың жұмысшыға жалпы соммасы 1 млрд. теңгеден астам жалақы қарыз болған. Сол бір жылдың ішінде мемлекеттік инспекторлар тағы 793 әділетсіз жұмыс берушіні анықтады. Олардың қарызы 4,3 млрд. теңгені құраған болатын. "Бүгінде қаржы министрлігі, әділет министрлігі және бас прокуратура органдарымен бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесінде 46 мың жұмысшының 4,7 млрд. теңгесі қайтарылды", - деді Т.Дүйсенова министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде. Ал ағымдағы жылдың басында жалақы қарызы бар 74 кәсіпорын тіркелді. Олар өз жұмысшыларына 738 млн. теңге төлеп беруі тиіс. Осы қарыздың 20,3 пайызы Алматы қаласына тиесілі болса, Қарағанды облысында әділетсіз жұмыс берушілердің 18 пайызы тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети