Қазір Ресейге тұс-тұстан салынып жатқан санкциялар салқынынан Қазақстанның ұтып шығатын бір саласы - ауыл шаруашылығы екені жиі айтылады. Бұл ретте мамандарымыз - Ресейдің бос жатқан нарығын қазақстандық аграрийлер игере алса, табысымыз еселене түсетінін бірнеше мәрте қаузады. Сарапшыларымыз бұған қатысты «Еуропаның азық-түлігінен бас тартқан Ресей енді бізден агро-өнімдер сұрай бастайды. Осы сәтті ұтымды пайдалану үшін отандық аграрийлер Ресей базарларын игере бастауы керек. Осыған сай Ауыл шаруашылығы министрлігі де агросаясатқа қатысты жаңа бағыт ұстануы тиіс» дейді. «Алаш айнасы» бүгін «Агроөнімдеріміз Ресей базарын еркін игере ала ма? Ол үшін қандай түйткілдерді шешуіміз керек» деген сауалдарға жауап іздеп көрді.

Жалпы, біздің экономикалық құрылымымыз екіге бөлінеді. Бұл қала және халықтың 47 пайызы тұратын ауыл. Мұны ескерген мамандар «негізінде мемлекеттік шығынның жартысы ауылға жұмсалуы керек. Республикалық бюджеттің өзі соңғы жылдары 3-4 триллионды құрайтынын ескерсек, ауылға бөлінген сома өте аз» дейді. Ауылға бөлінген қаржының тым аздығын; бағытталған қаржыға бақылаудың төмендігін; «күлшенің төрттен бірі ғана ауылға тиіп жатқанын» баса айтып отырған мамандар «Ресей нарығын игеру үшін алдымен осы мәселелерді шешу қажет» дейді.
Жасұлан Жанбағысов, шаруа қожалығының иесі, кәсіпкер:
– Қазір біз шырт ұйқыдан оянғандай «ауылдың кәсіпкершілік қабілетін арттырамыз» дейміз. Өзіңіз ойлап қараңызшы, ауыл кәсіпкерлігіне жағдай жасалмаған ортада оны қалай дамытасың? Ірі кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде орын алған кемшіліктер мен шоғырланған өндіріс орындарының тиімділігінің төмендігі өзара байланысы бар құрылымдардың ішкі қатынастарын үзді. Нарықтық экономиканы жетілдіру тек жүйелі түрде негізделген ұстанымдарды талап етеді. Соның жоқтығынан ауыл кәсібінде тек қауқарсыздық орын алып отыр. Мысалы, біз мал басын жеке қожалықтарға беру арқылы мал шаруашылығын өзіндік деңгейінен күрт төмендетіп алдық. Қазір келіп «ауылдағы әрбір шаңырақта жоқ дегенде бес ірі қарадан болуы керек» деп дабыра саламыз. Менің бұл ретте айтарым, ауылды дамыту үшін біз алдымен жергілікті жердегі атқарушы биліктің жауапкершілігін арттырғанымыз абзал. Біз сияқты шаруаның қолына, субсидия, дотация дегеннің барлығы жергілікті әкімдік арқылы тиетіндіктен сол жергілікті әкімдіктерге талапты күшейту керек. Бір жеңілдік алу үшін қанша бума-бума құжат жинайсың. Ал соңынан әбден шаршап, қолды бір сілтейтін сәттер де болады. Егер біздегі құжатбастылық мәселесі шешілмесе ешуақытта Ресейдің базарын игере алмаймыз. Ресеймен арадағы кедендік салық, кедендік бақылау жеңілдетілгенімен елдегі құжат жинау, лизинг, субсидия, дотация алуда тонналап қағаз жинау бізді әбден тығырыққа тірейді. Сондықтан осы мәселені бірінші кезекте шешу керек. Жергілікті әкімдіктердің жауапкершілігін күшейту керек.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...