Ағымдағы жылы әлемдік экономика 3,7 пайыздық өсіммен болжанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағымдағы жылы әлемдік экономика 3,7 пайыздық өсіммен болжанады ©news.jeeboo.com

Халықаралық Валюта Қорының болжамы бойынша 2013 жылы әлемдік экономиканың өсуі 3,0%-ды құраған болатын. Ағымдағы жылы әлемдік экономиканың анағұрлым жоғары 3,7% деңгейінде өсуі күтіледі. Бұр туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап, Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. "Әлемдік экономика дамуының неғұрлым жоғары дамуына дамыған елдердегі экономикалық өсудің қалпына келуі әсер ететін болады. АҚШ экономикасының өсуі 2013 жылғы 1,9%-ға қарағанда 2014 жылы 2,8% деңгейінде болжанады. Еуро аймақ экспорт көлемінің артуы және тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі нәтижесінде рецессиядан өсуге ауысуда. Екі жылғы құлдыраудан кейін алғаш рет 1,0% өсу күтіледі. Дамушы экономикаларда өсу қарқынының баяулауы күтіледі", деді экономика министрі Мәжілістегі Үкімет сағатында. Оның айтуынша, Қытай экономикасының өсуі ағымдағы жылы 7,5% деңгейінде күтіледі, бұл 2013 жылғы 7,7%-дан төмен. Сонымен қатар, 2013 жылғы 1,3%-ға дейінгі қатты құлдыраудан кейін Ресей экономикасының өсуі 2,0%-ға дейін ұлғаятыны болжанады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети