АҚШ-ты басып озған Қытай әлемдегі ең ері экономикаға айналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©100bankov.com ©100bankov.com

Қытай бүгінге экономикасы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚП) бойынша АҚШ экономикасын басып озды және осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға шықты, - деп жазады "Российская газета" Financial Times газетіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қытай бүгінге экономикасы сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (СҚП) бойынша АҚШ экономикасын басып озды және осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға шықты, - деп жазады "Российская газета" Financial Times газетіне сілтеме жасап.

Қытайдың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігімен есептелген жалпы ішкі өнімі 17,6 триллион долларға жетті. АҚШ көрсеткіші 17,4 триллион доллар. Бұл көрсеткіштер Халықаралық валюта қорының баяндамасына негізделген деп жазылған басылымда.

Басылым, осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Қытай ресми түрде әлемдегі ең ірі экономикаға айналады деп болжады.

Британ газеті құрамына Бразилия, Үндістан, Индонезия, Қытай, Мексика, Ресей және Түркия елдері кіретін жаңа "үлкен жетіліктің" пайда болғанын белгілеп отыр. Бұл елдер СҚП бойынша есептелген жалпы ішкі өнімде Үлкен жетілік - Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония елдерін озды. Демек, 37,8 триллион доллар 34,5 триллион долларға қарсы.

Financial Times мамандары бұл мәліметтерді әлемдік аренадағы күштер тепе-теңдігінің шұғыл өзгеріске ұшырайтынын көрсетіп отыр: "Енді рейтингтің бірінші жиырмалығының жарты позициясын экономикасы дамушы елдер алады". 

Халықаралық валюта қоры мәліметінше, Қытайдың жалпы ішкі өнімі 1980 жылы америкалық көрсеткіштің оннан бір бөлігіндей болған. 2020 жылға жалпы ішкі өнім АҚШ көрсеткішінен 20 пайызға асып түсуі мүмкін. 1980 жылы Қытай экономикасының өсуі орташа 9,8 пайызға, ал АҚШ экономикасының өсуі 2,7 пайызға тең болған.

Қытай халқының жан басына шаққандағы ел экономикасының көлемі бұрынғыша АҚШ жалпы ішкі өнімінің төрттен бір бөлігіне тең деп жазады "Вести.Экономика".

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі қазіргі нарық курсын емес, белгілі бір тауар мен қызметті сатып алу мүмкіндігіне қарай валюталардың өзара қатынасын есепке алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro