22 желтоқсан 2015 | 15:16

Ақышев биржаға қарағанда ақша айырбастау орындарында доллардың неліктен қымбат болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сауда сессиясында шетел валютасының құны 1 пайыздан жоғары деңгейге өзгергенде, тұрақсыздық кезеңдерінде ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы биржаға қарағанда жоғары болады. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сауда сессиясында шетел валютасының құны 1 пайыздан жоғары деңгейге өзгергенде, тұрақсыздық кезеңдерінде ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы биржаға қарағанда жоғары болады. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 14 және 18 желтоқсанда KASE 331,33 және 344 теңге бағамды тіркеді, ал ақша айырбастау орындарында баға 340 және 350 теңге болды. "Алыпсатарлық мәндегі операциялар бар, қазір Ұлттық банк олармен жұмыс істеп жатыр. Біз бұл алыпсатарлық операцияларын жеке банктер арқылы төмендетумен жұмыс істейміз. Оның жүйелік мәні жоқ, ол айырбастау бағамы тұрақсызданған кезеңдерде, сауда сессиясында 1-2 пайыздан жоғары деңгейге өзгергенде туындайды. Қарашадағы жағдай бағам теңдік межесін тапқан сәтте ақша айырбастау орындарының бағамды өзгертетінін көрсетіп берді. Мұндай кездерде, менің ойымша, валюта айырбастау операцияларын жүргізудің қажеті жоқ, әйтпесе азаматтар ұтылады", - деді Ақышев. 

Сонымен қатар, ол ҚР Ұлттық банкінің елдегі жалпы бағамдық мәселелерді әкімшілік әдіспен шешпеуі тиіс екенін мәлімдеді. "Яғни, менің ойымша, ақша айырбастау орындары бірінші кезекте алыпсатарлықтың көзі емес, олардың тұтынушылық қасиеті басымырақ: олар биржада болып жатқан ағымға ықпал етеді. Сонымен қатар, ол ағым ақша айырбастау орындары арқылы өтіп жатқан қаржыдан айтарлықтай жоғары. Сондықтан біз бұл нарықтағы ойын ережелерін өзгертуді жоспарлап отырған жоқпыз. Оның үстіне, бұған дейін бекітілген жоспарларға сәйкес, олардың қызметін жүйелендіруге байланысты, бұл институационалдық ортаның тұрақтылығы мен біздің азаматтардың операциялық қауіпсіздігін көтеру үшін оларға қойылатын талаптарды өзгерту мүмкіндігіне қатысты шаралар жоспарланған", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети