Ақышев купюралардан Ұлттық банк төрағасының қолын алып тастаудың себебін түсіндірді

12 Ақпан 2016, 16:17
0
Ақышев купюралардан Ұлттық банк төрағасының қолын алып тастаудың себебін түсіндірді - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Ұлттық банк басшысының қолын купюралардан алып тастау туралы шешім қаражатты үнемдеу үшін жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Данияр Ақышев Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. 

"Банкноталардың дизайнының тұжырымдамасы бойынша қажетті элементтердің жиынтығы болуы керек. Банкнота өндіру процессі - өте ұзаққа созылады. Тіпті екі жылдан асып кетеді. Тіпті Ұлттық банк басшысы ауысқан кездер де болды. Мұндай жағдайларда оны қайта өзгерту үшін қаражат қажет. Бұл барлық елде бар дей алмаймыз, мәселен Ресейде жоқ. Қол нені білдіреді? Бұрын қол купюра бойынша міндеттемені білдіретін. Қазір бұл міндеттемелер заңда қарастырылған. Яғни онда қол болмаса да Ұлттық банк оған жауап береді. Осы жағдайларға байланысты біз қол қоюдан бас тарттық, себебі қаражатты үнемдейміз", - деді ол.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай