Әлемдегі ең бай адамдар бір триллион доллардай жоғалтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адамдар бір триллион доллардай жоғалтты ©REUTERS

Әлемдегі ең бай адамдардың жағдайы 2020 жылдың басынан бері 1 триллион долларға әлсіреді. Осындай деректерді Блумберг агенттігі келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адамдардың жағдайы 2020 жылдың басынан бері 1 триллион долларға әлсіреді. Осындай деректерді Блумберг агенттігі келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирустың тез таралуы әлемдік нарыққа елеулі әсер етіп жатыр. АҚШ биржалары өткен бейсенбіде 9,5-10 пайызын жоғалтты, ал Еуропа биржалары Дональд Трамп коронавирусқа байланысты АҚШ-қа Еуропадан 30 күн адам кіргізуге тыйым салынғаны туралы мәлімдемесінен кейін 11-16,6 пайызға құлдырады.

"Бейсенбі күні әлемнің ең бай 500 адамы 331 миллиард доллар жоғалтты, бұл Bloomberg Billionaires Index-тің (BBI) сегіз жылдық тарихындағы ең ірі бір күндік құлдырау болды. Жалпы жылдық шығын - 950 миллиард долларға жетті", - деп атап өтті агенттік өкілі.

Осылайша, жыл басынан бері әлемнің ең бай адамдары жиынтық капиталының 16 пайызын жоғалтты. Франциялық LVMH басшысы Бернар Арно 9,5 миллиард доллар жоғалтты, ал Amazon басшысы Джефф Безостың капиталы 8,1 миллиард долларға төмендеді.

Әлемдік нарықтардың құлдырауынан кейін бай ресейліктердің жиынтық жағдайы 15 миллиардтан астам долларға төмендеді.

Индекс миллиардерлердің үлесі бар компания акцияларының құны негізінде есептеледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети