07 қараша 2018 | 17:45

Әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© verelq.am © verelq.am

Америкалық мұнай институты (API) мәліметтерді жариялағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр. Олар АҚШ-та өткен аптада шикізат өнімдері қорының тағы да өсіп жатқанын көрсеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.  


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық мұнай институты (API) мәліметтерді жариялағаннан кейін әлемдік мұнай бағасы түсіп жатыр. Олар АҚШ-та өткен аптада шикізат өнімдері қорының тағы да өсіп жатқанын көрсеткен, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Астана уақытымен 11:05-те қаңтар фьючерстері Brent маркалы мұнай қоспасы 0,18 пайызға төмендеп, бір баррель 72 доллар болған. Желтоқсандағы фьючерстер WTI маркалы мұнай бағасы 0,48 пайызға төмендеп, бір баррель - 61,91 доллар болды. 

Сәрсенбіде инвесторлар API мәліметтерін қарап, 2 қарашада АҚШ мұнай қоры 7,8 миллион баррельге көтерілгенін байқаған. Енді сауда ұйымы АҚШ Энергетика министрлігінің қор туралы ресми мәліметтерін күтіп отыр. Сарапшылар қордың 2,43 миллион баррельге өсетінін жоспарлап отыр. Ал өткен аптада бұл көрсеткіш 3,217 миллион баррель болған еді. 

Сонымен қатар, мұнай бағасына Вашингтонның Иранға қойған санкцияларының да әсері бар. Иранға қатысты қосымша санкциялар (мұнай экспорты) 5 қарашадан бастап күшіне енді. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Вашингтонның мұнай санкцияларын уақытша Қытай, Үндістан, Италия, Грекия, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань және Түркия үшін алынатынын мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети