20 қаңтар 2014 | 15:33

Әлемдік нарықта алтын бағасы өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото tengrinews.kz сайтынан алынды фото tengrinews.kz сайтынан алынды

Әлемдік нарықта алтынның бағасы өсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазақмыс" корпорациясының сарапшылары мәлімдегендей, Лондон нарығында алтынның бағамы бір тәуліктің ішінде 1241 доллардан, 1250 долларға өскен. Нақ осы уақытта Нью-Йорк сауда биржасында да алтынның бағамы 1240,0-тан, 1251,7 долларға өсім берген. Сол тәрізді Шанхай нарығында да алтынның бағамы 13 доллардан, 17 долларға көтерілген. Сарапшылар "соңғы аптаның ішінде Қытай сауда биржасындағы алтынның сатылымы тым жоғары болды" дейді. Алтын нарығы туралы "Қазақмыс" корпороциясының сарапшылары әлемдік биржаларда құнды металлдарға қызығушылық жоғары екенін, алдағы уақытта да бұл нарықта баға өсімі сақталатындығын алға тартуда. Жалпы, алтынның негізгі функциясының бірі — ұлттық валютаның құнсыздануына жол бермеу. Ақша массасы өскенде, соның ішінде қағаз ақша мен электронды ақша да көбейгенде, құнды металдарға деген сұраныстың арта түсуі де орынды. "Сондай-ақ қарапайым адамдардың да басым бөлігі өздерінің жиған-тергенін алтынмен сақтауға бейімделе бастағанын ескерсек, болашақта алтын бағамының өсім беретініне кепілдік мол" дейді сарапшылар. Алдағы уақытта шамамен, алтынның бір трой унциясы 1,3-2 мың доллар болады, - деп болжанып отыр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети