Алматыда 86 кәсіпорын литвалық капиталмен жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 86 кәсіпорын литвалық капиталмен жұмыс істейді © novanews.com.ua

Алматыда 86 кәсіпорын литвалық капиталмен жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін қазақстандық - литвалық бизнес форумы барысында мәлім болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 86 кәсіпорын литвалық капиталмен жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін қазақстандық - литвалық бизнес форумы барысында мәлім болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы мен Литва арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 90 пайызға артып, екі есе өсті. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Алматы мен Литва арасындағы тауар айналымы 180 миллион АҚШ долларына жетті, соның ішінде экспорт - 123 миллион долларға, ал импорт 57 миллион долларға тең. Бүгінгі таңда Алматыда 39 біріккен, 86 литвалық капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорын тіркелген.

Әкімдіктегілердің айтуынша, делегация басшысы, Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюс Алматының Қазақстан мен Литва арасындағы тұрақты экономикалық байланыстың шынайы көрінісі екенін атап өтті.

"Бүгін менімен бірге 80 литвалық компания өкілі - кәсіпкерлердің үлкен делегациясы келді. Бұл Қазақстанның Литва үшін Орта Азиядағы ең басты саяси және экономикалық серіктес екенін көрсетеді. Ал Алматы Литва мен Қазақстан арасындағы өзара байланыстың құрамдас бөлігі", - деді Буткявичюс.

Айта кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымы алты жыл ішінде едәуір артып, 2014 жылы 1 миллиард АҚШ долларына жеткен, ал Орта Азияның өзге елдерімен арадағы тауар айналымы - 75 пайыз ғана.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети