Алматыда алып-сатарлар нанды 300-380 теңгеге сатқан. Бұл туралы "Хабар 24" арнасының ақпаратында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда алып-сатарлар нанды 300-380 теңгеге сатқан. Бұл туралы "Хабар 24" арнасының ақпаратында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осы күндері бағаны негізсіз көтеру деректері тіркелді. Кейбір алып-сатарлар нанды 300-380 теңгеге сатқан, бірақ бөлке нан құны - 80 теңге", - делінген жарияланымда.
Шенеуніктер қалада әлеуметтік нан тапшылығын 3-4 күн ішінде шешуге уәде беріп отыр. Бұл туралы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының жетекшісі Еркебұлан Оразалин брифингте айтты. Сондай-ақ, 10 қаңтарда тағы бір нан зауыты жұмысын жандандырады деп жоспарланған. Кейінірек қалған наубайханалар іске қосылады.
Телеарна мәліметінше, мегаполисте бүгін әлеуметтік нан жетіспеген. Негізгі өндіруші "Ақсай нан" төтенше жағдай кезінде нан өндіру көлемін екі есе қысқартқан. Супермаркеттерге нан жеткізу де тоқтап қалған. Минимаркет иелері нан алу үшін өздері зауытқа баруға мәжбүр екені айтылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!