18 қазан 2016 19:48

Алматыда баспана бағасы рекорд орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Крыша" сайтының мамандары тұрғын үй нарығына сараптама жасап, Алматыдағы баспана бағасы тағы да рекорд орнатты деген шешімге келді. Олардың ақпаратынша, осы аптада ұсыныстардың орташа құны 11 400 теңгеге немесе 3,1 пайызға төмендеп, 356 800 теңгені құрады. 


"Крыша" сайтының мамандары тұрғын үй нарығына сараптама жасап, Алматыдағы баспана бағасы тағы да рекорд орнатты деген шешімге келді. Олардың ақпаратынша, осы аптада ұсыныстардың орташа құны 11 400 теңгеге немесе 3,1 пайызға төмендеп, 356 800 теңгені құрады. 

Бұл әлсіреу 2016 жылы абсолютті баға минимумы тіркелген сәттен бергі көзге түсері болғаны айтылады. Еске салайық, ол 28 маусымда болған. Ол кезде бір аптадағы төмендеу 4 пайызды, ал орташа баға 1 квадрат метр үшін 359 900 теңгеге дейін құлдыраған. 

"Нарықтың құрдымға кетуінен бір жағдай сақтап тұр. Ол қазіргі баға құлдырау алдындағы, 26 шілдеден 6 қыркүйекке дейін индекстің өсуі. Ол кезде бағалар 6 пайыздан артық көтерілген", - деп түсіндірді сайт мамандары. 

Дегенмен, мамандар жылжымайтын мүлік бағасының девольвацияға дейінгі құнына әлі жетпегенін айтады. Қазір оңтүстік астанадағы пәтерлер бағасы 2015 жылдың тамыз айындағы бағадан 12-13 пайыз шамасында қымбат.

Мұның алдында сарапшылар қазіргі жағдайда пәтер алу керек пе деген сұраққа жауап берген. Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов жылжымайтын мүлік нарығы іскерлік белсенділіктің жоғары көрсеткішіне қарамастан стагнациялық кезеңде тұр деген ойда. "Коммерциялық келісім жағынан жылжымайтын мүлік нарықтың белсенділігі нөлдік көрсеткіште тұр. Нарық қатысушыларының барлығы жағдайды сырттан бақылап отыр. Қандайда бір өзгеріс күтуде. Келісімшарттар біртіндеп қана кездеседі", - деп өз ойымен бөлісті сарапшы. Маманның пікірінше, баспана бағасы жыл соңына дейін теңгемен есептегенде 20 пайзға дейін төмендейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети